Бішкек
Республикалық маңызы бар қала
|
Бішкек (қыр. Бишкек) — Қырғызстаннның астанасы мен ең үлкен қаласы. Ерекше басқару бірлігі. Қала Қырғыз Республикасының солтүстігінде Қазақстан шекарасынан 25 км қашықтықта орналасқан.
Құрылымы[өңдеу]
Қала ауқымы — 160 км².
Қала әкімшілігі төрт бөлікке бөлінген.
Аудан | Халық саны,мың адам | Аумағы, га |
---|---|---|
Лениндік | 187,4 | 4373 |
Октябрлік | 219,2 | 3200 |
Первомайлық | 158,3 | 4715 |
Свердлов | 207,1 | 2920 |
Тарихы[өңдеу]
Қала ежелден бері Жібек Жолы бойындағы қала болатын. 1825 жылы Қоқан хандығының Өзбек Ханы қаланы күшейтіп, маңызды қалалардың біріне айналдырды. Алайда, 1862 жылы Патшалық Ресей қанды шайқаста фортты жаулап алып, оны Орыстың гарнизонына айналдырды. 1877 қала атауы Пішпекке өзгертілсе, 1926 жылы қала жаңа құрылған Қырғыз АССРның астанасы болып белгіленіп оның аты Фрунзеге ауыстырылды.
1991 жылдың 5 ақпанында қала қайтадан Бішкек болып аталынды. 1990 жылдары Кеңес Өкіметінің құлдырауына байланысты күйсіздеуге ұшыраған қала, қазіргі уақытта жылдам дамушы қалалардың бірі.
Бауырлас қалалары[өңдеу]
Алматы, Қазақстан
Астана, Қазақстан
Колорадо Спрингс, АҚШ (1994 жылдан)
Мериден, АҚШ (2005 жылдан)
Анкара, Түркия
Ташкент, Өзбекстан
Минск, Беларусь (2008 жылдан)
Тегеран, Иран (1994 жылы 23 мамырдан)
Казвин, Иран (2003 жыл 14 сәуірден)
Хемниц, Германия (1997 жылы 19 наурыздан)
Куми, Корея Республикасы (1991 жылы 14 тамыздан)[1]
Суреттер[өңдеу]
- Бішкек
Дереккөздер[өңдеу]
Сыртқы сілтемелер[өңдеу]
![]() |
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Bishkek
|
- Бішкек қ. әкімшілігінің ресми сайты (орыс.)
- Бішкек қалалық депутаттар Кеңесі (қырғ.) (орыс.)
- Бишкек современный (орыс.)
|