Уикипедия:Мақала шеберханасы/Пән

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
1.Кіріспе Left nav 2.svg 2. Пән Left nav.svg 3. Мәні Left nav.svg 4. Дереккөздер Left nav.svg 5. Мазмұны Left nav.svg 6. Соңы!

Сіз ойлаған тақырыпқа мақала ендігі басталған болар?

Уикипедияда алуан түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдарды сипаттайтын қазір 220 910 мақала бар. Сіз ойлаған тақырып бойынша мақала басқа атпен ендігі жазылып қойылған шығар, сондықтан уақытыңызды зая жұмсамау үшін мақала атын мүмкін болатын барлық атаулармен іздестіріп көріңіз. Егер іздеген мақалаңызды басқа атпен тауып алсаңыз, онда оған айдатқыш жасауға болады.

Осы уақытқа дейін мұны әлі жасамаған болсаңыз, онда осы жерден мүмкін атауларды іздеп көріңіз. Содан кейін қайта осы бетке оралыңыз.

Мақаланың мәні жеткілікті ме?

Назар аударыңыз

Біздің талаптарға сәйкес болмайтын мақалалар тез арада «жойылуы» ықтимал. Егер мақалаларыңыздың тез жойылғандығын қаламасаңыз, онда мақала шеберханасын пайдалану арқылы сапалы мақала жазып үйреніңізді сұраймыз.

Дегенмен, сіз іздеген, бірақ таба алмаған тақырып бойынша жазылатын мақала міндетті түрде Уикипедияға қажет деген сөз болмаса керек. Уикипедия қауымдастығы мақаланың маңыздылығына, яғни оның ерекше мәнінің болуына қатысты талаптар қалыптастырған болатын. Олардың жалпы мазмұны келесідей: Мақала жазбастан бұрын мұндай тақырыптағы мақала қағаз энциклопедияда жарық көргендігін немесе жазылмағандығын тексеріп алыңыз. Егер мұндай тақырыптағы мақала қағаз энциклопедияда басылып шыққан болса, онда мұндай мақала Уикипедия талаптарына да сай келері сөзсіз. Ал егер мұндай мақала бұрын-соңды жазылмаған болса Уикипедиядағы қабылданған ерекше мән талаптарына сәйкес бастауға болады.

Келесідей бағытта мақала жазбауларыңызды сұраймыз:

  • өзіңіз туралы (неге?);
  • достарыңыз туралы;
  • өзіңіздің музыкалық тобыңыз туралы;
  • өзіңіздің сайтыңыз туралы;
  • өзіңіздің компанияңыз немесе фирмаңыз туралы;
  • жеке бастамаларыңыз туралы.

Мұндай сарында жазылған мақалалар бірден жойылуы ықтимал.


Не туралы жазғыңыз келеді?

Бұл шеберхана әлі де жетілдірілуде.
Өз пікіріңізді қалдыруыңызды сұраймыз.
— Рахмет.