Құдайлар мен жай адамдар туралы мифтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дафнис пен Хлоя туралы миф[өңдеу]

Дафнис пен Хлоя

Афродита ғашықтарға көмектескен, біраұ махаббат пен адалдық антын бұзғандарды жазалап отырған. Афродита бақташылық әндерінің шығарушысы саналатын бақташы Дафнисті қатал жазаға тартқан. Дафнис өзінің ғашығы Хлояға берген сеертін бұзған екен. Құдай әйел сол үшін оны соқыр етіп тастайды. Мифтің басқа бір нұсқасында Афродита оны жартасқа айналдырады.

Европаның ұрлануы[өңдеу]

Грек мифі бойынша, Зевс Финикия патшасының Европа атты сұлу қызына ғашық болады. Олбұқаға айналып, қызды ұрлап алады да, Европаны арқасына отырғызып Крит аралына жүзіп келеді. Европадан үш ұл туады: Минос, Сарпедон және Радамант. Минос Криттің патшасы болады, оның сарайы Кносста орналасқан.

Қарғысқа ұшыраған Тантал[өңдеу]

Зевстің ұлы Тантал олимптік құдайлардың жиналыстары мен той – думандарына қатысу құқына ие болған. Ол құдайлардың тамағын ұрлап, құпия шеешімдеерін жариялап қойып, құдайларды ашуландырып алады. Құдайлар бәрін білетіні рас па екен дееген оймен, ол өзінің ұлы Пелопсты өлтіріп, денесінен тамақ пісіреді де, жеуге береді. Құдайлар бұл тағамнан бас тартады да, жасаған барлық қылмыстары үшін Танталды жер асты патшалығында мәңгі азап шегуге үкім шығарады. Оның төбесіне жеміс-жидек, ал өзін мойыннан төмен суға батырған. Сонымен қатар оның төбесінде құлай жаздаған таулар тұрған. Ол қарны ашып жеміс- жидек жерде немесе ауызы құрғап су ішкісі келгенде жеміс жоғары қарай, ал су төмен қарай түскен. Аңыз бойынша, Афродита Уранның қан тамшыларынан туған. Қан теңізге тамып, Кипр аралының жанында теңіз көбігіне айналған, сондықтан да Афродитаны Киприда деп те атайды. Құдай әйел сол көбіктен пайда болыпты.

Асклепий туралы миф[өңдеу]

Асклепий Аполлон құдайдың ұлы, мифтің бір нұсқасы бойынша, анасы кәдімгі адам. Оны кентавр Хирон (жартылай адам, жартылай жылқы) тәрбиелеп, дәрігерлік өнерге үйреткен. Афина құдай Асклепийге екі шөлмек сиқырлы қанды сыйлаған. Бір шөлмектегі қан өлтіреді, ал екіншісіндегі – өлгендерді тірілтеді. Асклепий өлілер патшалығындағы көп адамды тірілтіп жібереді де, жер асты патшалығының құдайы Аид Зевске шағым айтады. Зевс Асклепийге ашуланып, оны өлтіріп тастайды. Алайда кейін ашуы басылып, оны қайта тірілтеді де, құдайға айналдырады.

Галерея[өңдеу]

Дерек көздер[өңдеу]