Chromium

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigation Jump to search
Chromium
Chromium 11 Logo.png
Chromium.v.27.0.1425.0.openSUSE.png
Тұрпат

браузер

Жасаушы

The Chromium Authors, Google[1][2], кейбір басқа компаниялар[3].

Жазылған

C++, ассемблер

Операциялық жүйелер

Windows (XP SP2 немесе одан жоғары, сонымен қатар Windows 2000 SP4 жүйедегі қосымшалар арқылы орнатылады)
Mac OS X (10.5.6 немесе одан жоғары)
Linux[4]

Бірінші шығару

3 қыркүйек 2008

Соңғы нұсқа

49.0.2615.0[5] (12 қазан 2015 жыл)

Жағдай

белсенді дамуда

Лицензия

Apache License, BSD license, ICU License, LGPL, libjpeg license, libpng license, MIT License, MS-PL, MPL/GPL/LGPL, zlib license[1]

Chromium (МФА ['krəumɪəm], ағылш. chromium — хром) — The Chromium қауымымен, Google компаниясымен, сонымен қатар басқа компаниялармен шығарылатын веб-браузер. Бaғдарламаларды өндірушілердің айтуы бойынша, Chromium қолданушыларға ғаламторға кауіпсіз және тез жол беру үшін өндірілген болатын. Chromium негізіңде Google Chrome веб-браузері құрылған .

Құрылу тарихы[өңдеу]

Веб-шолғыштың өндірілуі 2008 жылдың 25 шілдесіне басталған. 2008 жылдың 1 қыркүйегіне Google компаниясының ресми блогында Сандар Пичаи (Sundar Pichai) және Линус Апсон (Linus Upson) Google Chrome веб-браузерін көпшілікке жариялаған. Келесі күні Google компаниясының веб-шолғышының бірінші көпшілікке арналған бета-нұсқасы көрсетілген болатын.Сонымен қатар браузердің кодының үлкен болігі көпшілікке шығарылған . Жоба Chromium деген есімге ие болған. Әзірлеушілер  ашық жобаны өндіргенін Mozilla мен Webkit-ке көмегімен , ғаламторды дамытуымен , сонымен қатар әзірлеушілерге әзірлеуге ыңғайлы платформа беруімен түсіндіреді  . Қауымдастықпен ынтымақтастық үшін өндірушілер көптеген сервистерді шығарған: дискуссиялық топтар, анықтама форумдар, жобаның ресми блогы, қате-трекері. 2011 жылдың наурызында веб-шолғыштың логотипі 3D-ден 2D-ге көшкен. 

Ерекшеліктері[өңдеу]

Жылдамдық[өңдеу]

Әзірлеушілер өз алдына  жылдам браузерді шығару деген мақсат қойып , ашық компоненттерді қолдануды шешті. Веб-беттерінің көрсетілімінің движогі ретінде бос WebKit таңдалған болған. Ол қолданушыларға керекті корсетілім жылдамдығын берген болатын. Сонымен қатар оның басқа артықшылары бар. JavaScript движогімен жұмыс қиынырақ жүрген. 2008 жылғы движоктардың бәрі не адамдарға жақсы өндірілімділік бермеген не дабық лицензиялармен таратырылған. Сондықтан Google инженерлері өздері жаңадан V8 движогін шығарған. Бұл әрекет сол кезде CHROMIUM-ға Javascript өңдеу бойынша ең тез веб-шолғыш  болуына ықпал етті. 2009 жылдың соңында Chromium-нің тесттік нұсқасында динамикалық  өңдеу бойынша аппараттық жеделдету ендіру бойынша жұмыстартар басталған. Жұмыстың нәтижесі  Chromium-нің 7 нұсқасында пайда болған. Бүл нұсқада аппараттық жеделдетуді қолданушыларға қосуға болатын еді. Аппараттық жеделдету веб-шолғышқа динамикалық 2D және 3D-контентті өңдеуде үлкен өндіріліс қамтамасыз етіп, Microsoft пен Google өндірген демонстрациялық тестерден биік көрсеткіш көрсетеді. Беттерге кіруді жеделдету үшін, Google өндірушілері DNS-алдын ала оқу технологиясымен қолданады. 2010 жылдың 7 желтоқасанына Google кодтің компиляциясының жаңа инфрақұрылымын өндіріп, V8 движогінің дамуынын жаңа қадамын  көпшілікке көрсетті. Бұл жаңарту- Crankshaft - Chromium-ға үлкен өндіріліс берді.

2013 жылдың сәуірінде Chromium және Chrome веб-шолғыштары, сонымен қатар Chrome OS жүйесі жаңа ашық Blink движогіне ауысатыны туралы жарияланған. Blink движогі  WebKit-тің жалғасы болып табылады.

Қауіпсіздік[өңдеу]

Chromium-нің әзірлеушілері ең қауіпсіз браузер шығаратыны туралы айтқан болатын. Сол сөзінде тұрып, әзірлеушілер веб-шолғыш қорғауға арналған функцияларды әзірлеуге көп назар аударады. Қауіпсіздік үшін "құмсалғыш" режимімен қолданады. Google зерттеушілердің айтуы бойынша, вирустардың  шамамен 70%-ы "сенімсіз" мазмұнмен жұмыс істейтін көрсету движоктерімен "жұмыс істейді"[6][7].Алайда Chromium-нің кейбір нұсқаларында бұл "құмсалғыш" режимі өшіріледі.Көптеген хакерлер көздеген Adobe Flash Player модулі , 66022 нұсқасында "құмсалғышқа"   қосылған болатын . Негізінде Chromium-да XSS хакерлік шабуылдарынан қорғаныс жок, алайда  Chromium HTTP- only cookies технологиясын ұстайтындықтан вирустық шабуыл қаупі азаяды. Сонымен қатар, Chromium-нің 7 нұсқасында эксперименттік функциялар тізіміне енген XSS Auditor функциясы белсенді тестіленіп жатыр. Бұл қоспа вирустық шабуылдардан қорғанысты қатты күшейтеді. Алғашқы рет XSS Auditor Chromium-нің 4 нұсқасында қолданған[8], алайда, жүйенің тұрақты жұмыс істемегендігінен  , Chromium-нің 4.1 нұсқасында бұл функция өшірілген болатын . Бұл мәселені өндірушілер шешкен. Бірақ бұл функциямен көп сайттар жұмыс істей алмайтындықтан, қазіргі уақытқа дейін эксперименттік болып келе жатыр. Сондықтан бұл функция әзурге эксперименттік болып саналады. Біраз уақыттан соң Google жұмысшылары веб-шолғышқа "Қауіпсіз көрініс" деген компонентін қосқан болатын. Осы компоненттің арқасында веб-шолғыштың жүйесіне хакерлік шауылдардан орасан зор қорғанысты берді.

Бұл ерекшеліктерінен басқа Chromium-нің басқада ерекшеліктері бар:

  • Сенімділік
  • Веб-спецификацияларды қолдау
  • Көптеген форматтарды қолдау
  • Персонализация
  • СинхронизацияЖәне т.б ұсақ ерекшеліктер

Дереккөздер[өңдеу]

  1. a b Terms and Conditions  (орыс.). Google Inc., The Chromium Authors. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2011. Тексерілді, 7 қаңтар 2011.
  2. Gary Richmond Google Chromium, Chromeplus and Iron Browser: Why Source code and Distribution Models Matter  (ағыл.). Free Software Magazine (15 December 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 сәуір 2011. Тексерілді, 4 сәуір 2011.
  3. The Chromium Authors Chromium жобасы дамуына қатысқан компаниялардың тізімі  (ағыл.).
  4. Chrome жүйелік талаптары  (ағыл.). Google Inc.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 13 тамыз 2011. Тексерілді, 7 қаңтар 2011.
  5. Последняя сборка Chromium под win32. Басты дереккөзінен мұрағатталған 16 қаңтар 2016.
  6. Nicolas Sylvain.
  7. Adam Barth; Collin Jackson, Charles Reis.
  8. Anthony Laforge.